ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ

Акция мақсаты - балаларға жазғы демалыс кезеңінде мүмкін болатын өрттердің алдын алу және су айдындарындағы қауіпсіздік шараларын насихаттау болды. Бөлім қызметкерлері балаларға өрт сөндірушілердің жұмысын, өрт сөндіру құралдарын және суда құтқару құралдарын таныстырды.
Шара аясында лагерь тынығушылары 4 топқа бөлініп, эстафеталық сайыс және сурет байқауында бақ сынасты.
Қызметкерлер балаларға өрттің шығу себептерін, өрт болған жағдайда атқарылуы қажет іс-әрекетті және судағы қауіпсіздік шараларын үйретіп, осы тақырыпта жадынамалар таратты. Сайыс соңында жеңімпаздарға мақтау қағазы мен сыйлықтар табысталды.





