ЖАСТАР ОРТАЛЫҒЫ ЖАРҚЫН ІСТЕР БАСТАМАШЫСЫ
Бүгінде облыста 9 жастар ресурстық орталығы жұмыс жасап келеді. Әрбір ауылдық округте жастар ісі жөніндегі 149 маман қызмет көрсетуде.
Облыстық жастар саясаты жөніндегі басқарма басшысы Еркебұлан Меңлібаевтың айтуынша биыл облыстық орталық 10 бағыттан тұратын жобаны жүзеге асыруды бастады. «Жас кеңесші», «Жастар қоғам назарында», «КZO fan club», «Жас Отау», «Эрудит», «Жүрек жылуы», «Жас маман», «Еріктілер мектебі», «Жастар стартап», «Біз спортты таңдаймыз» атты бұл жобалар аясында ортақ ісе жүмылған жастар қатары қалыңдап келеді. .
Жұмыссыз және өзін-өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар үшін ағылшын тілі, компьютерлік, құқықтық сауаттылық бойынша оқыту курстары жүргізілуде. Оған 174 жас қатысуда.
Қазақстан Республикасындағы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) сарапшыларының қолдауымен «Жастар ресурстық орталықтарын дамыту бойынша Жол Картасы» аясында жыл басында ресурстық орталық мамандарының біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды. Бірлескен жұмыс нәтижесімен орталықтың жастармен жұмыс жасаудағы жаңа тәсілі қалыптастырылуда.
Бүгінде облыстық жастар ресурстық орталығының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көп ұзамай мұнда COWORKING, IT-CENTER, продюсерлік орталықтар және психологиялық, видео ойындар бөлмелері және түрлі спорттық секциялар жұмысын бастамақ.