СЫР КӘСІПКЕРЛЕРІ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРДЫ
«Атамекен» ҰКП жанынан құрылған «Агробіліктілік орталығы» ЖШС мен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының бірге ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердің кәсіби біліктілігін көтеруге арналған шаралар бұл жолы өсімдік шаруашылығына арналды.
Қызылорда қаласындағы «Ы.Жақаев атындағы күріш ҒЗИ» ЖШС, Жалағаш ауданындағы «Байтабын» ЖШС, Шиелі ауданындағы «Ақмая» ШҚ базасында өткізілген «Өсімдік шаруашылығындағы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы кооперациясы негіздері» бағыты бойынша семинарда «Ауылдық елді мекендерді дамыту және АӨК экономикасы Қазақ ҒЗИ» ЖШС қызметкері, экономика ғылымдарының докторы Ғалия Әкімбекова дәріс оқыды.
Шара барысында Ғалия Әкімбекова шағын шаруашылықтардың ауыл шаруашылық кооперативтеріне бірігуінің артықшылықтары жөнінде айтып, семинарға қатысушыларға еліміздегі ауыл шаруашылығы кооперациясы мен кәсіпкерлік қызметтің даму басымдылығы туралы мағлұмат берді.
Мұнан өзге, қызылордалық диқан – кәсіпкерлер салаға қатысты нормативтік-құқықтық құжаттар, яғни өздеріне қажетті қолданыстағы заңдар мен қаулылар, ережелермен таныс болды.Жалпы семинар барысында қатысушылар қазір елімізде қарқынды жүргізіліп жатқан ауыл шаруашылығындағы кооперативтерге бірігудің тиімділігі, кооперация мүшелерінің мүмкіндіктері, мемлекеттік қолдау тетіктері жөнінде кең ақпарат алды.
Шара қорытындысымен семинарға қатысушыларға сертификаттар табыс етілді.
Айта кету керек, ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге мемлекеттен көрсетілетін қолдаулардың барлық түрлері туралы ақпарат алғыңыз келсе, «Атамекен» ҰКП байланыс орталығының 8-8000808010 нөміріне хабарласа аласыз. Қоңырау шалу тегін.
Онлайн өтініш беру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге арналған fermers.kz веб-порталы жұмыс жасайтындығын назарларыңызға саламыз.
Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі