ДИАБЕТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ
Қызылорда облыстық медицина орталығында диабет орталығы ашылды. Мұнда сусамыр дертіне шалдыққан қызылордалықтарға кешенді ем жасалады. Орталықтың ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Р. Рүстемов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Н.Мырзағалиева, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ эндокринология кафедрасының меңгерушісі Ж..Абылайұлы, ҚР диабетологтар ассоциациясының Қызылорда облыстық филиалының төрайымы С.Тілеулесова қатысты.
Шара ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты. Халықаралық диабет федерациясының мәліметі бойынша, әлемде 420 миллионнан астам адам осы дертке шалдыққан. Оның тең жартысы 20-60 жас аралығындағы азаматтар, Жер бетінде әр секунд сайын бір адам диабетке шалдықса, 7 секунд сайын бір адам осы аурудан көз жұмады.
Ресми емес дерекке сәйкес, елімізде бұл кеселге душар болғандар саны 600 мыңнан асады. Осы ретте, қандағы қант мөлшерін жиі тексеріп, денсаулықты күту қажеттігін естен шығармаған жөн.