«ЖАНАЗА ЖӘНЕ ЖЕРЛЕУ РӘСІМДЕРІ» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТТІ
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен «Жаназа және жерлеу рәсімдері» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды мешіттің баспасөз қызметі.
Кітапты шығарудағы негізгі мақсат елімізде діни рәсімдерді бір ізге келтіру, ысырапқа, шариғатқа қайшы әрекеттерге жол бермеу болып табылады. Кітапта еліміз бойынша жаназаға қатысты ортақ үкімдер топтастырылып, нақты дәлелдер келтірілген. Қайтыс болған кісіні жерлеу, құдайы ас пен садақа берудің әдебі, жаназа рәсімдерінің жолдары толық енгізілген. Осы және басқа да жаназа мен жерлеуге қатысты маңызды мәліметтерді орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Омаров толық түсіндіріп берді.
Шара барысында қатысушылар кітап төңірегіндегі сауалдарға жауаптар алды.