ЖАЛАҒАШТЫҚ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ «ЭКСПО-2017» КӨРМЕСІНЕ АТТАНДЫ

Айтулы көрмеге Жалағаш ауданынан 500 оқушы жолдама алып, бүгін сол оқушылардың 94-і халықаралық көрмеге жол тартты.
Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов еліміздің бас шаһары Астана қаласына аттанғалы отырған оқушылардың сапарларының сәтті болуына тілектестігін білдірсе, аудан ардагері С.Қалыбаев оқушыларға батасын берді.
Оқушылар арнайы көліктермен облыс орталығына жол тартып, Қызылорда қаласынан Астана қаласына қарай сапар шекті.

