ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА «STREET WORKOUT» АЛАҢЫ АШЫЛДЫ
Қызылордалық жастарға Street Workout спортымен шұғылдануға мүмкіндік беретін алаңды Қазақстан Республикасының Олимпиадалық Комитеті сыйға тартып отыр.
Воркаут — бұл көше жаттығулары спорты. Қазір қарқын алып келе жатқан спорттың осы түрімен елімізде мыңдаған жас айналысады.
Спорттың бұқаралығын арттыра түсу үшін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен Қызылорда қаласының әкімдігі де осы алаңды орнатуға қолдау көрсетті.