«ҚЫЗЫЛОРДА» МАГИСТРАЛЬДЫҚ ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫ БАСҚАРМАСЫНА 10 ЖЫЛ ТОЛДЫ
«Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамының «Қызылорда» магистральдық газ құбырлары басқармасының құрылғанына 10 жыл. Осы уақыт бедерінде бұл кәсіпорын өңір дамуында маңызы зор «Ақшабұлақ-Қызылорда» газ желісін, автоматты газ тарату станциясы секілді ірі жобаларды жүзеге асырды. Соның арқасында облыстың өнеркәсіп орындары 948 коммуналдық-тұрмыстық және 50 мыңнан астам абонент көгілдір отынның игілігін көріп отыр.
Техника тапшы, жұмыс қолы жетіспейді. «Қызылорда» магистральдық газ құбырлары басқармасының 10 жыл бұрынғы күйі мәз емес еді. Осылай деп өткен күндерді еске алған ұжым ардагерлері кәсіпорынның даму жолынан сыр шерті.
- Біз жұмысты бастағанда құрылғы, техникалар болған жоқ. Ал қазір жаңа техника, жаңа кеңсе бәрі бар. Еңбеккерлерге жайлы жағдай жасалған, - дейді кәсіпорын ардагері Болат Қансеитов.
Осындай қажырлы еңбеккерлер қаланы көгілдір отынға қосқаннан кейін, табиғи газды жағу тоқтатылып, экологиялық жағдайдың жақсаруына сеп болды. Аймақтың инвестициялық тартымдылығы да арта түсті.
- Есепті мерзімде «Ақшабұлақ» кенішінен 1,729 млрд текше метр ілеспе газ тасымалданып, облыстық бюджетке жарты миллиард теңгеден астам салық түсірдік, - деді «Интергез Орталық Азия» АҚ «Қызылорда» МГБ директоры Тимур Қожаниязов.
Тізе берсе, компанияның 10 жылдағы олжасы өте көп. Осындай жетістікті еңсеру жолында еңбегімен еленгендер салтанатты шарада құрметке бөленді.
Магистральды газ құбырлары басқармасы «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбыры жобасына да қатысып, енді Сыр өңірінің ауыл-аймақтарына көгілдір отын жеткізуді көздеп отыр.