ҮЙ – ЖАЙЛАРДАҒЫ ГАЗБЕН ЖАБДЫҚТАУ НЫСАНДАРЫНА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БОЙЫНША
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы «Газ және газбен жабдықтау туралы» №532-IV Заңының 30-бабына сәйкес, газ қолданушы тұрғындарға:
газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің иелері олардың қауіпсіз пайдаланылуын және жарамды күйде болуын қамтамасыз етуге, өздеріне тиесілі объектілерге техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге немесе техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасу;
газбен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар олардың сапасын және уақтылы орындалуын қамтамасыз ету міндеттелген.
Қазіргі таңда, облыс көлемінде газбен жабдықтау жүйелерінің объектілеріне техникалық қызмет көрсететін лицензиясы бар және бәсекелестік жағдайында өз қызметін жүргізе алатын «РЦКУ-Кызылорда» ЖШС, «Газреммонтаж» ЖШС секілді мекемелер бар.
Осыған орай, тұтынушылар аталған жұмыстарды жүргізетін мекемені өзі таңдап алуға құқылы және бұл қызметтің түрі бәсекелестік ортада болғандықтан, газ қолданушы тұрғындар мен осы қызмет түрімен айналысатын арнайы мекеме арасындағы екі жақты келісім-шарт негізінде жүргізіледі.

Қызылорда облысының энергетика
және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасының
«Газ инфрақұрылымын дамыту және
қауіпті өндірістік нысандарды
мемлекеттік бақылау» бөлімі