ЖОБАЛАРҒА ЖҰМСАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА ИНФЛЯЦИЯНЫҢ АЛДЫН АЛАДЫ
Астана экономикалық форумында Қызылорда облысының әкімі, саяси ғылымдар докторы Қырымбек Көшербаев осындай пікір білдірді.
- Экономиканы монетизациялау, дәлірек айтсақ нақты ақшаның көп болуы қазіргі кезде ештеңе шешпейді, – деді Қырымбек Көшербаев. Ұзақ мерзімді ақша массасын экономикаға тартқан жөн.
Сонымен қатар, Қырымбек Көшербаев бұл ақшаны ойсыз жинақтау дегенді білдірмейтінін де атап өтті. «Бұл эмиссия мақсатты, бір-бірімен байланысты болуы керек. Көбейген ақша бюджеттегілерге жалақыға немесе зейнетақыны ұлғайтуға емес нақты инвестжобаларға жұмсалуы қажет. Бұл тауар массасын, яғни ІЖӨ-ді ұлғайтады», - деді ол.
Адрестік эмиссияның тиімділігі жайлы айтқан саясаткер форум аясындағы пікіртласта нақты жобаларды қолдаудың маңызы туралы да тоқталған.