ТАБЫС КІЛТІ: ҚАЗАҚСТАН ОРТА ТАБЫС ТҰЗАҒЫНА ҚАЙТКЕНДЕ ІЛІКПЕЙДІ
Жаңа тарату нарығын табу, технологиялық табыс пен коммерциялық банктерді қайта қаржыландырудың жүйелі механизмі Қазақстанның орта табыс тұзағына түсіп қалмауына кепіл болады. Астана экономикалық форумында Қызылорда облысының әкімі, саяси ғылымдар докторы Қырымбек Көшербаев осындай пікір айтты.
Қырымбек Көшербаевтың пікірінше экономикасы дамыған мезетте инвестицияға жайлы орта мен орта тап қалыптастырмаған, экспортын әртараптандырмаған елдердің дамуы іркіліске ұрынады. Бұл әсіресе экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыруда аса маңызды. Мысал ретінде Қ. Көшербаев Қазақстанның 2008-2009 жылдардағы әлемдік дағдарысты еркін еңсеріп, 2011 жылы ел экономикасы 7.5% өскенін атап өтті. Бірақ көп кешікпей іркіліске ұшырап, 2016 жылы 1 пайызға төмендеді. Биыл экономикада өсім бар. Бес айда жалпы ішкі өнім былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 4,1% пайызға өсті.
- Орта табыс тұзағын айналып өту үшін Ұлттық банктің коммерциялық банктерді қайта қаржыландыруының механизмі жасалуы қажет. Экономиканы жақсартуда шектеулі ақша-кредит саясатынан нақты жобаларды қаржыландыру арқылы инфляцияны тежеп, экономиканы монетизациялауға көшудің маңызы зор. Әрине бұл бағытта технологиялық табыс пен өнім үшін жаңа нарық табу да аса қажет, - деді Қырымбек Көшербаев.
Қызылорда облысы әкімінің пікірінше бұл үшін супер бәсекелес орта қажет.