МЕРЕКЕ ИЕЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
Жалағаштағы Қ.Қазантаев атындағы аудандық мәдениет үйінде Медицина қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиынды аудан әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов ашып, осы сала қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтады. Ақ халатты абзал жандарға толайым табыстар тіледі.
Сонымен қатар, салтанатты шара барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Н.Жұмағалиева, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Әлиев, «Нұр Отан» партиясы Жалағаш аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Мұстафаевалар сөз алып, мерекеге орай лебіздерін білдірді..
Бірқатар медицина саласының қызметкерлері аудан әкімінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды. Мереке иелеріне ардагерлер кеңесі мен «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы тарапынан да құрмет көрсетілді. Шарада Мақпалкөл ауылдық дәрігерлік амбулаториясының стаматолог дәрігері А.Тұңғышбаеваға Қазақстан стаматологтары ассоциациясының «Стаматологиялық қызметінің үздігі» төсбелгісі табысталды.
Жиын соңы мәдениет үйі көркемөнерпаздарының және аудандық аурухана қызметкерлерінің концерттік бағдарламасына ұласты.