ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ҚОҒАМҒА ОРТАҚ
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері Н.Бекежанов атындағы драма театрдың қызметкерлерімен кездесу өткізді.
Жиын барысында театр директоры М.Әбдікәрімов сыбайлас жемқорлықпен қоғам болып күресу қажет екендігін, осы мәселенің алдын алу керектігін тілге тиек етті. Өз кезегінде, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Б.Байхожаев жемқорлықтың алдын алу және онымен күресу жолында көптеген арнайы іс-шаралардың өтіп жатқандығын атап өтті.
Сондай-ақ, театрда осы жат әдеттен аулақ болуыға үндейтін қойыламдар қоюдың маңызы жайлы айтылды. Мобильді топ мүшелерінің ұсынысына орай алдағы маусымда Ж.Ерғалиевтің «Құлпытастың көз жасы», Р.Отарбаевтың «Нашақор жайлы новелла», «Двойник», М.Сәрсекенің «Тендерге түскен келіншек», Ә.Тауасаровтың «Махаббат аралы» спектакльдері жиі қойылатын болды.