СЫРДА «САЯБАҚТАР ШЕРУІ» ӨТТІ
Елбасы бастамасымен құрылған студент жастар сарбаздары мемлекеттік «Жасыл ел» бағдарламасын жүзеге асырудағы негізгі буын саналады. Құрылғалы бері жүз мыңдаған жас «Жасыл ел» сарбазы атанып, 44 млн. көшет тігіпті. Талай игілікті істің ұйытқысына айналған отряд сарбаздары жуырда тағы бір өнегелі бастама көтерді.
Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауына сүйенген аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ Арал ауданындағы Төлеген Медетбаев атындағы жастар аллеясында, Қазалыдағы Ж. Баһадүр атындағы саябақта , Қармақшы ауданындағы Ардагерлер аллеясында, Жалағаш ауданының орталық алаңында «Саябақтар шеруі» экологиялық акциясын өткізді.
Туған топырағыңды көркейту мен көгалдандырудың маңызын ұқтырған «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының сарбаздары аллеялар маңын тазартып, экологиялық акцияның эстафетасын Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандық "Жасыл ел" сарбаздарына жолдады.