ҚЫЗЫЛОРДА КОМАНДАСЫ АЛҒА ШЫҚТЫ

Сайыс 16 кезеңнен тұрады. Топтық әскерилендірілген кросс бойынша «Айбын» тобы І орынға шықты. Қазалы ауданының оқушысы Ринат Оңдасын АК-74 автоматын 1 минут 23 секунд ішінде шашып-құрастырып, І орынды иеленді. Газтұмылдырығын кию және әскерилендірілген кросстан жеке Қармақшы ауданының оқушысы сымбат Әзілханова жүлделі орынды иеленді.
Естеріңізге сала кетейік, «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны дәстүрлі түрде елімізде үшінші рет ұйымдастырылуда. Биыл Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына орай, халықаралық деңгейде өткізіліп отыр.