NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ

Сонымен қатар, облыс әкімі жастар арасында құқық бұзушылықтың алын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу үшін «Облыс бойынша NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау жөніндегі егжей-тегжейлі іс-шаралар жоспарын» бекітті.
Жоспар аясында қылмыстың алдын алу шараларын кеңінен насихаттау үшін барлық ауданда кездесулер өткізіп, оған 6000-нан астам жас тартылды. Кездесу барысында жастар арасындағы құқық бұзушылық алдын алу, жастар тәрбиесі, ұлттық құндылықтарымызды сақтау мақсатында түсіндірме жүргізіліп, арнайы әзірленген бейнероликтің көрсетілімі ұйымдастырылды.
Сондай-ақ, облыс әкімдігінің Ахуалдық орталығында NEET санаттағы жастардың модулі құрылуда.