ДЕПАРТАМЕНТТЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің мәжіліс залында «Терроризм мен экстремизм бүгінгі таңдағы әлемдік қасірет» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.
Бұл туралы қорғаныс департаменттің баспасөз қызметі хабарлайды.
Аталған шараға Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментіне бағынысты басқарма мен бөлімдердің бастықтары және департаменттің жеке құрамы қатысты.
Департамент бастығының бірінші орынбасары, полковник М.Сүлеев Қазақстан Республикасы Үкіметіннің 2015 жылдың 3 сәуіріндегі қаулысына сәйкес тапсырмалар беріп, оны орындау бағытында атқарылатын жұмыстар ретін баяндады.
Жиын соңында әскери қызметшілер азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру жұмыстары барысында болашақ сарбаздарға дұрыс бағытта - бағдар беру шараларын пысықтап, оларды Отан қорғауға үндеудің маңызы жайлы пікір алмасты.