ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ ЕСКЕРТЕДІ
өзін-өзі ұстаудың қарапайым ережесін сақтау керек:
- тыйым салынған жерлерге шомылуға болмайды;
- өзіңізге таныс емес жерде шомылмаған жөн;
- шектейтін белгілерден асып сүңгімеңіз, суға көпірлерден, жағалаудағы
бөгетшелерден секірмеңіз;
- шомылып жүрген балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- өтіп бара жатқан қайықтар мен катерлерге жақын жүзіп бармаңыз;
- мас күйінде шомылуға болмайды.
Егер Сіз қайықта болсаңыз:
- құтқару құралдарысыз қайықты пайдаланбаңыз;
- 14 жасқа дейінгі балаларға жүзу құралдарын (қайық, катер) қолдануға рұқсат етпеңіз;
- қараңғы батысымен қайықты қолданбаңыз;
- қайықтан суға сүңгімеңіз, суда бір қайықтан екінші қайыққа ауыспаңыз;
- кішігірім қайықта тік тұрмаңыз;
- қайықтың ернеуіне және басқы бөлігіне отырмаңыз;
- техникалық паспортта көрсетілген мөлшерден тыс жолаушылар
мен жүкті алмаңыз;
- мас күйінде қайықпен жүзбеңіз;
- қараусыз қалған және техникалық жөндеуге келмейтін қайықтарды қолданбаңыз.
Осы ережелерді сақтамау су қоймаларында жиі қайғылы жағдайдың болуына әкеліп соқтырады.
Ақпарат ретінде: 2016 жылы суда 35 адам қаза болды оның 13-і балалар. Ағымдағы жылы 7 адам қаза болды, оның 3-і бала.
Ернұр РАЙЫМБЕКОВ,
Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті
Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы. азаматтық қорғау майоры.