ЖОБАЛЫҚ БАСҚАРУ – ЖЕТІСТІК КЕПІЛІ
РФ Белгород облысынан келген өкілдердің мемлекеттік басқарудағы жаңашылдық туралы мастер кластарына қатысушылар қатары көп болды. Оның барысында Белгород облысының ішкі және кадрлық саясат департаментінің жобалық талдау және бақылау жұмысы басқармасы басшысының орынбасары Маргарита Чистякова жобалық басқару құралдары мен тетіктері жайлы айтып берді
Ол жобалық басқару адамның ұйымдастыру қабілетін өте ерекше арттыратынына назар аударды. Ондай қасиетті қалыптастыру өзінің айналасындағы жұмыс рәсімдеріндегі болып жатқан жағдайды толық ұйымдастыра біледі, нәтижеге жету үшін ресурстың, ақшаның және уақыттың қаншалықты қажет екендігін айқындай алады, компанияның әрбір мүшесінде қандай жауапкершілік тұрғанын анықтай алатын болады. Бір сөзбен айтқанда жобалық басқару – біздің келешегіміз, жаңа өнімдер мен жаңа жетістіктер. Оның тағы бір ерекшелігі, берілетін тапсырманың уақыты ықшамдалады, немесе адамдар бір бірін жарты сөзден ұғынып, бір бағытта ойлау мүмкіндіктеріне ие болады. Мәселен, жұмыстың сатылай құрылымын құру қажет делінсе, ол тапсырманы ұзақ және жалықтырып алатындай етіп түсіндірудің еш қажеті жоқ. Аталған тапсырманы орындау үшін белгіленген жобалық бағытталған қызметін уақыттың қатаң тәртібінде команданың әрбір мүшесінің міндеті мен жауапкершілігін нақты айқындап, диаграмма түрінде немесе кесте ретінде бәрін жазып, жалпы жобаның мақсатымен үйлестіру қажет.
Жобаларды басқару – бұл нақты, теориялық емес әдістеме ғылымы, ол стандарт түрінде берілген бүкіл әлемнің жобалық басқаруды шоғырландырған тәжірибесі деп түсінген дұрыс. Ол міндеті бар және айрықша өнім нәтижесі деген түсінік беретін жоба ретінде қарастыратын кез келген істің жетістігіне кепіл береді.
Ресейлік мамандар семинарда Белгород облысында жобаларды жүзеге асырушыларды материалдық және материалдық емес түрінде ынталандыру жайынан да мәліметтер берді. Материалдық ынталандыру барысында жобаның күрделілігі, тиімділігі, командалық жұмыс, мерзімінде үлгеру, сапалы орындалу коэфициенттері есептеледі. Ал материалдық емес ынталандыруға, байқау жеңімпазы атану, қызмет бабымен жоғарылату секілді басқа да түрлері жатады.
Меймандар сонымен қатар, Белгород облысында жүзеге асырылған бірқатар жобалар туралы ақпараттармен бөлісіп, семинарға қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.