«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ИМИДЖІН КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ»
23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай «Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру жолдары» тақырыбындағы БАҚ өкілдері арасындағы шығармашылық конкурстың
ЕРЕЖЕСІ
1. БАҚ өкілдері арасындағы шығармашылық конкурсы облыстық деңгейде ұйымдастырылады.
2. Байқаудың үйлестірушісі және ұйымдастырушысы «Сыр медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Байқаудың мақсаты:
3. Журналистердің шығармашылығының дамуына қолдау көрсету.
4. Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру.
Байқаудың тақырыбы:
5. «Мемлекеттік қызметтің имиджін көтеру жолдары».
6. Байқауды ұйымдастыру және оған қатысушыларға қойылатын талаптар:
Байқау материалдарын сараптау барысында тақырыптың өзектілігі және маңызы, мазмұнының ашылу тереңдігі, шынайылығы, жанрлық шарттарға сәйкестігі, жаңа әдістерді қолданысқа енгізе білуі, тілі және стилінің ұғынықтылығы, журналистік шығармашылық әдістерінің ерекшелігі, тың ақпаратты сараптау мен зерттеу әдістерін енгізе білу ерекшелігі, ұтымды қолдана білуі есепке алынады.
7. Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комитетіне (Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №4 «А», «Сыр медиа» ЖШС, байланыс телефондары: 8 (7242) 70-00-36, мынадай құжаттарды қоса жібереді:
Өтініште төмендегі деректер көрсетілуі тиіс:
- автор туралы мағлұматтар /туған жері, күні, айы, жылы, ұлты/;
- жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс құралдары.
8. Байқауға жіберілген материалдар авторларға қайтарылмайды.
9. Жеңімпаз болып танылған материалдар облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести» газеттері мен «Қызылорда-ньюс» интернет газетінде жарияланатын болады.
10. Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы бағалайды.
11. Байқауды өткізу және қорытындысын шығару тәртібі үш кезеңнен тұрады:
1) 2017 жылғы 21 маусымға дейін – байқауға қатысушылардан материалдарды
қабылдау;
2) 2017 жылғы 21 маусымнан 22 маусымға дейін – материалдарды сараптау және жеңімпаздарды анықтау;
3) 2017 жылғы 23 маусым күні Мемлекеттік қызметшілер күніне орай байқау жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі.
12. Байқау жеңімпаздары облыс әкімдігі тарапынан дипломмен, арнайы сыйлық-тармен марапатталады.