ОЗЫҚ ҮЛГІ АЛҒА ОЗДЫРАДЫ
Сейсенбі күні Белгород облысы әкімшілігінің мамандары Қызылорда қаласында болып, мемлекеттік органдарда жобалық басқаруды енгізу туралы шеберлік-кластар өткізді.
Белгород облысының ішкі және кадрлық саясат департаментінің жобалық-талдау және бақылау ұйымдастыру жұмысы басқармасы басшысы Ирина Кирилова қазіргі кезеңде Ресей үкіметі деңгейіндегі Жобалық кеңседен бастап, федералдық (салалық), өңірлік және муниципальдық деңгейлердегі Жобалық кеңселер жұмыс істейтінін және олардың барлығында үйлестіру органдары бар екенін жеткізді. РФ министрліктері үшін стратегиялық дамудың 11 басым бағыттары айқындалған.
Сол секілді Сбербанкте де жобалық басқару сәтті жүзеге асырылуда. Оның басшысы Герман Греф үнемі ізденісте жүретін, жаңашылдықты енгізуімен көзге түскен тұлға. Ол басқару жүйесін тек банкте ғана емес, мемлекеттік қызметте де өзгерту керек деген пікір білдірген. Осындай екі позиция РФ мемлекеттік органдарының барлығында дерлік жобалық басқарудың кеңінен енгізіле бастауына қозғау болды.
Семинар өткізушілер жобалық басқарудың мақсатын түсіндірді. Ол адами, қаржылық және материалдық ресурстарды тиімді пайдаланып, жобаны жүзеге асыруға кететін шығынды азайтып, өнімнің, қызметтің өзіндік құнын азайту жобаны дайындау мерзімін тездету. Жобалық басқару жобаның идея түрінде басталып, толықтай жүзеге асырылғанға дейінгі аралықтағы процестерді үлкен дәлдікпен бақылауға мүмкіндік береді. Әрбір жобаның аясында жасалынған жұмыстарды көріп бағалауға, уақыттың, еңбектің, адамның және басқа да ресурстардың жалпы сараптамасын жасауға болады.
Мастер класс барысында Белгород облысының ішкі және кадрлық саясат департаментінің жобалық талдау және бақылау жұмысы басқармасы басшысының орынбасары, бөлім басшысы Маргарита Чистякова жобалық басқару құралдары мен тетіктері жайлы айтып берді.
Жоба әдетте идея түрінде басталып, бастама немесе ұсыныс енгізіледі. Оның атап өткеніндей, жобаны жоспарлау үшін бірінші жұмыс тобы құрылады. Екінші кезекте жұмыс тобы мүшелерінің кәсіби сәйкес келуі бағаланады. Содан кейін жобаны бекітуге дайындайды. Жобаға бастама білдірілгеннен кейін оның мақсаты айқындау жобаны сараптамадан өткізу, жұмыс тобын құрып, паспортын бекітіледі. Сараптамадан өткізіліп, паспорты жасалғаннан кейін жоба жоспарланады. Содан кейін жобаны басқару жоспары жасалады. Жобаны жүзеге асыру барысында мониторинг пен бақылау жасау қоса жүреді.