МАЛ БАЗАРЛАРЫ ТҰРАҚТЫ БАҚЫЛАУДА ТҰР

Облыс бойынша мал көмінділерінің жалпы саны 146 болса, оның ішінде ветеринариялық-санитариялық талаптарға сай салынғаны 69. Осыған орай типтік жобадағы мал көміндісін салуға облыстық бюджеттен кезең-кезеңімен қаржы бөлінеді. Сонымен қатар облыс бойынша мал өлекселерін өртейтін 8 жылжымалы, 32 стационарлық инсинератор пештері жұмыс жасап тұр.
Облыс аумағында тіркелген 67 сібір жарасы індеті ошағының 60-ның (Арал-14, Қазалы-11, Қармақшы-2, Жалағаш-14, Сырдария-6, Шиелі-5, Жаңақорған-7, Қызылорда-1) координаттары нақтыланды. Ошақтарды қоршап, белгі қою, мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізу жұмыстарына жергілікті бюджеттен 47,2 млн.теңге қаржы бөлінді.
Сібір жарасы індеті ошақтарының орналасқан жерлерінің дәл координаттары көрсетілген топографиялық карталарын әзірлеу үшін ҚР АШМ Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Қазгеодезия» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынымен келісім-шарт жасалып, ошақтардың топографиялық карталарын түсіру жұмыстары жүргізілді.
Облыс бойынша нақтыланбаған 7 сібір жарасы ошағының орналасқан орны белгісіздігі туралы «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС мамандарымен акт жасалды.