ДӘРІ ДЕ, ҚАРЖЫ ДА ЖЕТКІЛІКТІ
Үстіміздегі жылы облысқа эпизоотиялық іс-шаралардың алдын алу мақсатында аса қауіпті 14 түрлі жұқпалы ауруларға қарсы 5906 мың доза ветеринариялық препарат және осы іс-шараларды атқаруға 672,4 млн. тенге қаржы бөлінді.
Алғашқы тоқсанда 2207,7 мың дозасы жеткізіліп, алдын ала егу жұмыстары жүргізілуде. Сарып індетіне қарсы 72,7 мың сиыр, 100 мың уақ мал тексеріліп, нәтижесінде ауру 27 МІҚ, 15 уақ мал анықталды. Олар ветеринариялық-санитариялық ережелерге сәйкес сойылды.
Жануарлардың энзоотиялық ауруларына қарсы дәрі-дәрмек сатып алуға соңғы жылдары облыстық бюджеттен тұрақты қаржы бөлініп келеді. Үстіміздегі жылы 230,5 млн. теңге бөлінді.
Әртүрлі паразитарлық аурулардың алдын алу мақсатында қаңғыбас ит пен мысықтарды аулап, жою тұрақты жүргізіліп келеді. Биыл бұл мақсатқа 40,8 млн. теңге бөлініп, қазіргі күні 6760 бас қаңғыбас ит пен мысық жойылды.