НҰРӘЛІ АВСТРИЯДАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
Жақында Австрияның Лейбниц қаласында дзюдодан жастар арасында Еуропа кубогы үшін жарыс өтті. Осы дүбірлі додаға ел намысын қорғау үшін Қазақстан жастар құрамасы атынан 30 спортшы аттанса, олардың ішінде Сырдария ауданынан Нұрсұлтан Серәлі де бар.
60 келі салмақта сынға түскен жерлесіміз Еуропада топ жарып, туымызды желбіретті.
1997 жылы Бесарық ауылында дүниеге келіп, Жалаңтөс Баһадүр атындағы спортшы дарынды балалар мектеп интернатында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушылары Қален Қалиұлы мен Ришат Бурловтан тәлім алған Нұрсұлтан болашағынан үміт күттіретін спортшылардың бірі.