ИДЕЯНЫ ИГІЛІККЕ АЙНАЛДЫРАТЫН ӨЗІМІЗ
Осы аптада облысымызға РФ Белгород облысынан делегация келіп, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдық жайлы шеберлік кластарын өткізгендігін хабарлаған болатынбыз.
Қызылордаға тәжірибе бөлісуге келген мамандардың айтуынша Белгород облысы Ресей Федерациясында жобалық басқаруды алғаш енгізген өңір болып есептеледі. Облыс губернаторы Евгений Савченко осыдан жеті жыл бұрын басшылыққа келгеннен бері облыс өнеркәсібі өнімдері 1,5 есеге, ауылшаруашылық саласы өнімдері 1,8 есеге өсті. 1,5 млн халқы бар облыс 15 млн халықты азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Облыс жалпы ішкі өнім көрсеткіші бойынша елде екінші орында келеді. Өңірде жақсы инвестициялық ахуал қалыптасқан, жалпы құны 100 млрд рубльден 50 шақты жоба жүзеге асырылуда. Аталған облыс аумағында Ресейдегі ең ірі Лебединск тау-кен байыту комбинаты құрылысы аяқталу үстінде. Ондағылар мұндай нәтижелі істерге қол жеткізуге жобалық басқаруды енгізудің тікелей әсері болды деп есептейді. Бүгінгі таңда Белгород облысының барлық аудандары мен департаменттерінде Жобалық кеңселер жұмыс істейді.
Бізде де осыған орай пилоттық жоба ретінде өңірлік деңгейдегі Жобалық кеңсесін құру бағытында жұмыстар басталуда.