ДАЙЫНДЫҚ МЕКТЕБІ БАЗАСЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Семинарға кезекшілік қызметінің қызметкерлері, қала және аудан өрт сөндіру бөлімінің жетекшілері қатысты. Семинарда қызмет бастығы, азаматтық қорғау полковнигі А.Омаров біліктілікті арттыруға арналған семинардың маңызы жайлы атап өтті.
Семинар барысында әр түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердегі өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу мәселелері қаралды. Өрттерді сөндіру туралы баяндамаларды қала мен аудандық өрт сөндіру бөлімінің басшылары жасады, сондай-ақ слайд түрінде материалдар таныстырылды.
Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру
жәнеавариялық құтқару жұмыстары қызметі