ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНЕ ЖАҢА БАСШЫ КЕЛДІ
Қала әкімінің міндетін атқарушы Асылбек Шәменовтің 2017 жылғы 14 маусымдағы № 460 өкімімен Нұрсейітов Ақарыс Дүйсенбайұлы Қызылорда қалалық білім бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Ақарыс Дүйсенбайұлы 1982 жылы 30 шілдеде Қызылорда қаласында дүниеге келген. Жоғары білімді.
2003 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде «Тарих, құқық және экономика пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, еңбек жолын 2004 жылы «Астана Строй Сервис» ЖШС инженер ретінде бастаған.
Талай қызмет баспалдағынан өткен ол 5 жылға жуық Ақсуат ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.
Бүгін қала әкімінің міндетін атқарушы Асылбек Шәменов қалалық білім бөлімінің ұжымына жаңа басшыны таныстырып, қызметіне табыс тіледі. Ұжымды осы уақытқа дейін басқарып келген Есжанов Асқарбек Темірбекұлына алғысын жеткізді.
*****
Бұған дейін қалалық білім бөлімінің басшысы қызметін атқарған Есжанов Асқарбек Темірбекұлы басқа қызметке ауысуына байланысты қала әкімінің 7 маусымдағы №456 өкімімен қызметінен босатылып, 14 маусымнан бастап Қызылорда қалалық мәслихаты аппаратының басшысы болып тағайындалды.
Қала әкімінің баспасөз қызметі