Судағы қауіпсіздік шаралары
Адамдардың суға батуына жасалған талдау мұндай оқиғалардың балыққа шыққанда, аңға шыққанда немесе шомылуға жарамсыз жерлерде суға түскенде көп болатынын көрсетіп отыр. Сонымен қатар, қайғылы жағдайлар қатарын мас күйінде суға түсу оқиғалары көбейте түсетіні белгілі.
Ыстық күні таза салқын суға шомылу тамаша ғой. Судың қасында демалу, денсаулыққа пайдалы, шаттық әкеледі, жұмысқа қабілеттілікті жоғарлатады. Дегенмен, судың қауіпті екендігін де қаперден шығармау керек. Ол үшін, қарапайым сақтық ережелерін сақтаған жөн:
- Арнайы жабдықталған орындарда шомылыңыз;
- Мас күйде суға түспеңіз;
- Судың қасында балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Шомылу орындарда орнатылған белгілер шегінен аспаңыз;
- Кеме, моторлы және ескек қайықтарға жоламаңыз;
- Түнде шомылмаңыз;
- Шомылу үшін, ағаштар, үрлемелі матрас, автокөлік камераларын және басқа заттарды пайдаланбаңыз;
- Шомылған кезде айқайлап, көмек сұрау туралы жалған белгі бермеңіз;
- Қайықтан, катерлерден, айлақтан суға секірмеңіз.
СУДА ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІН БҰЗУҒА ЖОЛ БЕРМЕҢІЗ, ӨЗІҢІЗДІҢ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ӨМІРІН ҚАТЕРДЕН САҚТАҢЫЗ.
Р. ЖҮНІСОВ,Қызылорда облысы ТЖД Техникалық қызмет және
құлақтандыру бөлімшесінің бастығы.