«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» КЕДЕРГІНІ ЖЕҢЕДІ
Байқоңырлық нұротандықтар «Кедергісіз келешек» кедергіні жеңуі тиіс» деген ұранмен Ақай ауылына қарасты бірқатар әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделгеніне бақылау жүргізді. Бұл жолы қадағалауға Ақай ауылдық округі әкімшілігі мен №99 орта мектеп ғимараттары ілікті.
– Елбасы, «Нұр Отан» партиясының төрағасы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жүріп-тұру мүмкіндігін жақсарту мәселесіне әрдайым назарын аударып келеді. Осыған орай өңірде 2016-2017 жылдарға арналған арнайы «Жол картасы» әзірленді. Сондықтан ғимараттарды қайта жабдықтауға қатысты бақылауды үнемі жалғастырып, жұмыстың талапқа сәйкестігін тексереміз, – дейді қоғамдық бақылау тобының мүшесі, Байқоңыр қалалық мүгедектер қоғамдық бір¬лестігінің төрағасы Жеңіс Садықов.
Жұмыс тобының мүшелері Ақай ауылдық округі әкімшілігі мен №99 орта мектеп ғимараттарының әлеуметтік бейімділігіне «қанағаттанарлық» деген баға қойды. Мәселен, 320 балаға шақталып салынған мектеп ғимаратында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ар¬найы автотұрақтар бар. Дегенмен білім ордасына мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жүріп-тұруға арналған пандустарды орналастыруда тиісті ережелер сақталмаған. Көмекке күтуші шақыруға арналған дыбыс батырмасы жұмыс істемейді.
Ауылдық округ әкімшілігі ғимара¬тында автотұрақ, арнайы қызмет көрсету орны мүлдем жоқ. Мүгедектер үшін санитарлық аймақ та қолжетімсіз. Пандус бұрышы рұқсат етілген нор¬мативтерге сай емес. Пандустың ені және оның тұтқалары ұстауға мүлде ыңғайсыз. Жұмыс тобымен аталған кемшіліктерді түзету үшін мекеме басшыларына тиісті ұсыныстар беріліп, қадағалауға алынды.
– Жыл басынан бері байқоңырлық нұротандықтар 10 әлеуметтік нысанға бақылау-тексеру жұмыстарын жүргізген. Тексеру жұмыстары барысында анықтал-ған кемшіліктер бүгінде нәтижелі түрде жөнделіп жатыр. Ал¬дағы уақытта кемғабыл жандар үшін барлық нысан қолжетімді болады деген үміттеміз, – дейді «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр қалалық филиалының консультанты Әсет Мереков.