БӨГЕНДЕГІ «БИҚОЖА» МАЛ ӨСІРЕДІ
Соңғы жылдары мал шаруашылығы саласын қолдау артып, бұл бағытта кәсіп бастағандар көбейіп келеді. Арал ауданының Бөген ауылдық округінде де мал басын асылдандыруға ден қойғандар бар.
Мұндағы жұртшылықтың бірқатары теңіз тереңінен су маржанын сүзіп, балықшылық кәсіптен нәпақа тауып жүр. Ал мал басын еселеуге ден қойған ауыл тұрғыны Марат Андызбаев осыдан 3 жыл бұрын «Биқожа» шаруа қожалығын құрды. Биыл «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» арқылы «Арал ырысы» шағын несие серіктестігінен 10 млн. теңге несие алған кәсіпкер 2 асыл тұқымды бұқа, 60 бас сиырды өріске айдап, екі адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.