ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 24 МЫҢНАН АСА ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРГАНДАРЫНА ЖҮГІНГЕН
Жыл басынан бері Қызылорда облысының 10 мыңға жуық тұрғыны мемлекеттік жұмыспен қамту органдары арқылы жұмысқа тұрды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Нақтылап айтсақ, жыл басынан бері жұмыспен қамту органдарына 24376 адам жүгінген, - дейді жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы бөлімінің басшысы Жанар Дәулетбаева. – Оның ішінде 9788 адам еңбекпен қамтылды. Сонымен бірге абақтыдан жазасын өтеп шыққан 30 адам, 399 мүгедек жұмысқа орналасты».
ҚР Статистика агенттігінің мәліметінше, 2014 жылдың 1 қазанында Қызылорда облысы бойынша экономикалық белсенді халық саны 359,9 мың адамды (өткен жылдың 1 қазаны – 351,9 мың адам), соның ішінде жұмыс істеп жүрген халық саны 341,7 мың адамды (333,6 мың адам) құраған. Жұмыссыздықтың жалпы деңгейі –5%, 15-тен 24 жасқа дейінгі жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 6%, 15-тен 28 жасқа дейін – 5,3%.
«Биыл 9500 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Қазан айының басында 8157 жұмыс орны құрылды, соның ішінде 6878-і – тұрақты жұмыс орны», - деп түйіндеді Ж.Дәулетбаева.