ҚАЗПОШТА «ЖАСЫЛ» МОБИЛЬДІ ПОШТАБӨЛІМШЕСІНЕ ТАНЫСТЫРЫЛЫМ ЖАСАДЫ
Алматы облысы Боралдай кентінде Қазақстанда алғашқы болып, дербес энергиямен жабдықталған пошта байланысының мобильді бөлімшесі ашылды.
«Өздеріңіз білесіздер, қазір шалғай аудан орталықтарындағы және ауылдардағы біздің бөлімшелеріміздің көпшілігі тұрғындарға жайлы қызмет көрсетуге ыңғайластырылмаған,жөндеу көрмеген, коммуникациялары ескі ғимараттарда орналасқан.
Боралдай кентінде және оған таяу саяжайлар мен елді мекендерде бүгінгі таңда 80 мыңдай тұрғын бар, күн сайын біздің бөлімшемізге 200 адамға дейін келеді,ал зейнетақы беретін күндері ол сан екі есе артып кетеді, сол себепті біз оларға қолайлы жағдай жасауға барынша тырысамыз. Біз құру үшін келісімді қажет етпейтін, жеңіл құрылатын және бөлшектенетін, оңтайлы әрі жайлы мобильді бөлімше орнаттық», –деді өз сөзіндеҚазпошта басшысы Сәкен Сарсенов.
Боралдай кентіндегі мобильді бөлімше әдеттегі пошта бөлімшелерінің барлық қызмет түрлерін көрсетеді, соның ішінде пошта жөнелтімдерін қабылдау және жөнелту, мерзімді басылымдарға жазылуды ресімдеу, тауарлардың бөлшек саудасы, коммуналдық төлемдерді қабылдауды қоса алғанда қаржылық операциялар.
«Қазпошта қашанда өз жұмысына ең соңғы технологияларды пайдалануға талпынады, бұл дегеніңіз біздің жұмысымызды оңтайландырып қана қоймайды, қоршаған ортаны да қорғайды. Біз бүгін энергияны үнемдеуіш технологиялармен жұмыс істейтін алғашқы мобильді бөлімшемізді ашып отырмыз. Біз мұны пилоттық режимде іске қостық, бір жыл ішіндегі пайдаланылу нәтижесіне қарап, бұл тәжірибені басқа өңірлерге де тарату туралы шешім қабылдайтын боламыз», – дегенді айтты Сакен Сарсенов.
Жаңа бөлімше операторлардың жұмыс орындарымен, шаруашылық бөлігімен, клиенттерді қабылдау және қызмет көрсету орын жайларымен толықтай жарақталған. Бөлімше дербес болып табылады, сондықтан электр желілеріне қосуды қажет етпейді. Бұл модульді ғимарат 3 контейнерден біріктірілген, ешбір артық шығынсыз ұзақ уақыт пайдалануға болады және қарапайым монтаж/демонтаж.Үй-жай арнайы жылу жүйесімен жабдықталған, ол жазда желдеткіш жүйесі ретінде жұмыс жасайды, күн су жылытқышы орнатылған, ол жыл бойы қызметкерлерді ыстық сумен қамтамасыз етеді.
Энергиямен жабдықтаудың гибридті жүйесі (16 күн батареясыжәнеқазақстандық инноваторлар жасаған жел генераторы) арқасында оны Қазақстанның кез келген өңіріне пайдалануға болады. Күн станциясының қуаты бөлімшедегі барлық кеңсе техникаларының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ қонақтарға компанияның сәлемдемелер мен жазбаша хат-хабарларды жедел жеткізу үшін сатып алынған электр скутерлері көрсетілді.
«Қазпошта» АҚ Баспасөз қызметі