ОЛАР АРМАНЫНА АСЫҒАДЫ
Кез келген адамның өз арманы болады. Арман-адам көкейіндегі ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат. Жалпы армансыз адам жоқ.
Әнші болуды армандап жүрген талапты қыздарымыздың бірі 2017 жылғы 19 қаңтар мен 12 ақпан аралығында «Ты супер» телевизиялық жобасына қатысушы Рано Сабанкулова да бар. Осы ол ІІІ тур қорытындысы бойынша марапатталды. Ол сондай-ақ, балалар шығармашылығын дамыту және насхаттау мақсатында өткен ХІХ облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылығы конкурсының ІІІ орын иегері. Жақында ол Алматыда өткен ХІІ Республикалық «bi Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестиваліне қатысып жүлделі екінші орынды иеленіп қайтты.
Әсерлі кеште «Атамекен» балалар ауылының үкілеген үміті Рано қызымыз өз достарымен , өз отбасында тұратын бауырларымен ,өзінің шығармашылық фестивальде алған өз әсерлерімен , жетістіктерімен, қызығушылықтарымен бөлісті.
Кеш соңында «Арманыма асығамын» әнін достарына тарту етті.
Халықаралық балалар қоры қауымдастығы Мәскеуге Халықаралық балаларды қорғау күнін мерекелеуге әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балалар тобын шақырған болатын. Осы топтың ішінде оқу үздігі, қазақстандық жас патриоттар академиясының мүшесі Ақмарал Сартова болды.
Ақмарал өлең жазғанды ұнатады. Болашақта журналист болуды армандайтын ол көздегеніне жету үшін сабақты жақсы оқып, көп еңбектену керектігін үнемі естен шығармайды.