МЕКТЕП БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АТТЕСТАТ ТАПСЫРЫЛДЫ
Арал аудандағы барлық мектептерде салтанатты түрде түлектерге аттестат тапсыру рәсімі өтті.
Аудандық мәдениет үйінде өткен №220 мектеп түлектеріне арналған салтанатты кешке Қазақстан халық ассамблеясы Арал ауданындағы келісім кеңесінің төрағасы Н.Оспанов қатысып, облыс әкімі Қ.Көшербаевтың «Жас түлекке сәт сапар» арнайы құттықтауын жеткізді.
Сонымен бірге, мектеп мұғалімдері, ардагер ұстаздар, ата-аналар бітіруші түлектердің қуанышты сәтіне куә болып, батасын берді. Биылғы жылы №220 мектебінде 55 түлекке жалпы орта мектепті бітіру аттестаты тапсырылып ,4 оқушы «Алтын белгі», 1 оқушы үздік аттестат иеленді.
Биылғы жылы аудан бойынша 746 оқушы мектеп бітіріп, 39 оқушы «Алтын белгі» иегері, 9 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.