АБАҚТЫДА ОҚЫП, АТТЕСТАТ АЛДЫ
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесіндегі жалпы білім беретін мектепте оқығандардың 8-іне 2016 -2017 оқу жылын аяқтап, орта білім алғандығы туралы аттестат берілді.
Ел азаматтары орта білімді міндетті түрде алу тиіс. Сондықтан біліммен қамту бас бостандығынан айыру орындарында да жүзеге асырылуда.
Аталған іс-шараға облыстық білім басқармасына қарасты жалпы білім беретін кешкі мектеп директоры А.Абашова және Қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің сотталғандар арасында тәрбие жұмысын жүргізу тобының бас маманы, әділет капитаны Ж.Есмаханов қатысып, мектеп бітіруші түлектерге алған аттестаттарын игі кәдеге жаратуларына тілектерін білдірді.
Мерекелік бұл жиынға Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау қоғамының мүшелері В.Зайцева, Л.Есалиева және «Арылу» үкіметтік емес ұйымның өкілі Б.Айымбетовтар қонақ ретінде шақырылып, түлектерге өз тілектестіктерін білдірді.
С.КИМ,ЗК169/5 мекемесінің
САТЖЖБ бастығы,
әділет майоры