МЕМЛЕКЕТТІК КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІ ЖЕДЕЛ ҰСЫНУ - БАСТЫ МІНДЕТ
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – жеке мемлекеттік функцияларды іске асырудың бір түрі. Ол қызмет алушылардың өтініші бойынша жекеше түрде олардың құқықтарын, бостандықтары мен қаржылы және қаржылы емес заңдылықтарға сәйкес қызмет көрсетуді жүзеге асырады.
Еліміздің Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мемлекеттік басқарушы органдар алдына қойған маңызды міндеттерінің бірі – мемлекеттік қызмет көрсетудің қолайлылығы мен сапасын арттыру, жоғары сапалы мемлекеттік қызмет көрсетуге барлық адамның бірдей қол жеткізуі.
Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы да мемлекеттік көрсетілетін қызметпен қамтамасыз ету бойынша шаралардың тиімділігін басты назарда ұстауда.
Қазіргі таңда инспекция бойынша 5 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетіледі, олар:
1. Балық аулауға тыйым салынған уылдырық шашу кезеңінде, сондай-ақ балық аулауға тыйым салынған су айдындарында және (немесе) учаскелерде кеме жүргізу режиміне келісім беру;
2. Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру;
3. Су тарту құрылғыларының балық қорғау құрылғыларын орнатуды келісу;
4. Балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама беру;
5. Саны реттеуге жататын жануарлар түрлерін алып қоюға рұқсат беру.
2017 жылдың 1 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін инспекция 103 мемлекеттік қызмет көрсетті және барлық қызметтер стандарттар мен регламент талаптарына сәйкес уақытылы және сапалы түрде жолданып келеді.
Инспекция ғимаратында мемлекеттік қызмет көрсету үшін мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған арнайы бөлме және емін-еркін жүріп-тұруы мақсатында пандус қарастырылған.
Бүгінгі күні мемлекеттік көрсетілетін барлық қызметтер оңтайландырылып, толық автоматтандырылған. Мемлекеттік орган тарапынан берілетін анықтамаларға, рұқсат құжаттарға, келісімдерге өтініштер беру үшін, өзіңіздің кеңсеңізден (немесе үй жайда да болады) «Е-лицензиялау» мемлекеттік мәліметтер базасының» ақпараттық жүйесінің сыртқы порталы арқылы жіберуге болады.
Заманауи техникаларды пайдалана отырып, электронды портал арқылы өтінішті жолдау – бұл уақытыңызды үнемдейді, әрі ұзақ жол жүруді қажет етпейді.
Марфуға НҰРБОЛАТОВА,
Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, балық шаруашылығы бөлімінің бас маманы.