КЕЗДЕСУЛЕР ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Қызылорда облыстық сайлау комиссиясының 2017 жылғы 2 маусымдағы № ОСК–110/238 қаулысымен бекітілген кездесулер кестесіне сәйкес ҚР Парламенті Сенаты депутаттығынан үміткерлердің депутаттармен кездесуі жалғасуда.
Бүгін түске дейін осындай кездесу Арал ауданында болды. Осы өңірден облыстық мәслихат депутаттығына сайланғандар мен аудандық мәслихат депутаттарын үміткерлер өз бағдарламаларымен таныстырып, халық қалаулылары қойған сауалдарға жауап берді.
Түстен кейін дәл осындай кездесу Қазалы ауданында жалғасты.