ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБА ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесін де бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарды жұмысқа және тұрмыстық орналастыруды қолдайтын «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы жалғасын табуда. Айталық, жуырда Т. Жалбыровтың жаза мерзімінің аяқталуына байланысты «осындай шара ұйымдастырылды. Оған Қызылорда қалалық Ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметкері, полиция майоры Р.Шығырбай және Қызылорда қалалық пробация қызметінің инспекторы А. Ыбырайым, «Қызылорда облыстық тұтынушылардың құқығын қорғау» қоғамдық бірлестігінің маманы Ләйла Исалиева, «Арылу» қоғамдық қорының өкілдері қатысты.
Түрмеден босап отырған Т. Жалбыровқа жұмысқа орналасуы жөнінде құқықтары мен міндеттері, босатылғаннан кейінгі жұмысқа орналасуы үшін керекті құжаттар тізімі, жұмыспен қамту бөлімінің мекен-жайы көрсетілген жадынама берілді. Шара соңында Қызылорда облысы бойынша қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығының өкілі Н.Смайлов босатылушы Т. Жалбыровтың керекті құжаттарын рәсімделіп, өзі жұмыспен қамтылатынын атап өтті.
Р. ӘЛТАЕВА,
ЕТО жөніндегі аға инспекторы,әділет майоры.