1 ШІЛДЕДЕ АЙМАҚТА БАЛЫҚШЫЛАР СЛЕТІ ӨТЕДІ

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Шаменов мәлімдеді.
Аймақта жылына 8-8,5 мың.тоннаға дейін балық ауланып, оның көп бөлігі балық өңдеу зауыттарында өңделуде. Бұл балық өңдеу саласының қарқынды дамып, балық өнімдері экспортының көлемін арттыруға мүмкіндік берді.
2017 жылдың 1-тоқсанында экспортқа шығарылған балық өнімдерінің 65 пайызы Ресей Федерациясына, 35 пайызы (Польша -129,3 тонна, Дания-31,74 тонна, Әзірбайжан - 20,0 тонна) алыс шетелдерге жөнелтілді.
Бауыржан Шаменовтің айтуынша, 2017 жылы 4 каналды (Қазалы ауданы, Қазалы қаласындағы «Горсовет», «Дәулет-арық», Жалағаш ауданы Бұқарбай батыр ауылдық округіндегі «Алпамыс», Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі «Байсары» каналындары) тазалау, өздігінен аяқ су бармайтын елді мекендерге 8 дана насос қондырғыларын алып беру, Арал ауданындағы «Баян» және «Көкіш» каналдарын жөндеу жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттарын әзірлеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Облыс аумағында мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 6,5 млн.гектар, соның 3 млн. гектары орманды алқаптар. Орман құраушы негізгі ағаш - сексеуіл. 2017 жылы орман қоры жерлерінде 438 шақырым жаңадан өрт жолақтары, 3193 шақырым ескі өрт жолақтары жүргізіледі. Орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық техникалық базасы 75 пайызға нығайтылған. Орман алқабын молайту мақсатында жыл сайын 10 707 гектар сексеуіл, саялы ағаш көшеттері егілуде, соның 5 мың гектары Арал теңізінің құрғаған ұлтанына отырғызылды.
Соңғы 25 жылда Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 156 мың га сексеуіл егілді.
Биыл Оңтүстік Корея Республикасы теңіздің ұлтанының 30 мың гектарына фитоорманмелиорациялық жұмыстарын жүргізуге 1,5 млн. АҚШ доллар көлемінде қаржы бөлуді жоспарлап отыр.