ҮКІМЕТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫ ЖОЮ ШАРАЛАРЫ ҚАРАЛДЫ
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында орталық және жергілікті органдардағы сыбайлас жемқорлықтың жай-күйі мәселелері қаралды.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары А. Шпекбаев осы құбылыстың алдын алу бойынша қолданылатын шаралар туралы баяндады. Сыбайлас жемқорлықтың таралуына тосқауыл болатын шаралардың арасында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде азаматтардың шенеуніктермен тікелей байланысын шектейтін мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларын автоматтандыру және ықпалдастыру аталды.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев барлық салаларда сәйкес талдау жүргізуді қамтамасыз етуді және анықталған жемқорлық тәуекелдерді жою бойынша нақты шаралар қолдануды қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, басқару органдарында сыбайлас жемқорлықтың жай-күйіне ішкі талдау жүргізу және әрекет етудің кешенді шараларын қолдану қажет.
www.primeminister.kz