РЕСЕЙ "БАЙҚОҢЫР" ҒАРЫШ АЙЛАҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ КҮТПЕГЕН ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ
Ресей "Байқоңыр" ғарыш айлағынан тәуелсіз болуды армандап, Қиыр Шығыста "Восточный" жаңа ғарыш айлағын салған. Алайда, немістің Der Spiegel басылымы бұл еңбек зая кетті деп жазады, себебі сынақ ұшулары алдағы уақытта тек Қазақстандағы алаңнан жүзеге асырылады.
Басылымның мәліметінше, Мәскеу "Восточный" ғарыш айлағын пайдалануға қатысты өз жоспарын кенеттен өзгерткен.
"Мұндай шешім ресейлік ғарыш бағдарламасында түбегейлі өзгеріс алып келеді", - дейді ИноТВ.
Сібірдегі ғарыш айлағы Ресейдің ең ірі құрылыс жобаларының бірі болған. Оған 5,3 миллиард еуро жұмсалған. Алайда мердігерлерге ірі қаражат жымқырды деген айып тағылып отыр. "Ресей осы ғарыш айлағын салу арқылы өз мүмкіндіктерін тым асыра бағалағаны анық", - деп жазады шетел басылымдары.
