МЕРЕЙТОЙ ИЕСІН ҚАБЫЛДАП, ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ
Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Сырдария ауданының Құрметті азаматы» Хайролла Әбенұлын қабылдап 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Мерейтойлық қабылдау барысында аудан басшысы Ғанибек Қонысбекұлы өнегелі өмір иесі Хайролла Әбенұлының жүріп өткен жолы, атқарған еңбектері көпшілікке үлгі екенін айтып, игі тілектерін білдірді. Сонымен бірге, мерейтой иесінің иығына шапан жауып, құттықтау хат табыс етті.
Қабылдау барысында мерейтой иесінің замандастары Рақымжан Бәйменов, Бақытжан Сауытбаев, Ибрагим Әкімжанов, Алма Бақтиярова, Ұлмекен Жанәлиева және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Марат Омаровтар , ғибратқа толы ғұмыр иесін құттықтады.
Өз кезегінде Хайролла Әбенұлы аудан басшысы Ғанибек Қонысбекұлына құрмет көрсеткені үшін алғыс білдірді.