ТАЗАЛЫҚ БІРДІҢ ЕМЕС, МЫҢНЫҢ ЖҰМЫСЫ
Кеше облыс әкімі Қ. Көшербаевтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде облыс, аудан орталықтары мен елді мекендерді абаттандыру, санитарлық тазалық, көгалдандыру бағытындағы жұмыстар сараланды.
Әкім осы бағытта жасалатын жұмыстардың кідірмеуін қадағалауды тапсырды. Маусым сайын өткізілетін тазалық шараларының нәтижесі көптің көз алдында. Бірақ тазалық жұмыстары маусым аясымен шектеліп қалмауы керек.
Өңір басшысы бұл жұмыстардың кідіріссіз жүзеге асуына жауаптыларды да атады. Облыс әкімінің орынбасарлары, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыс әкімі аппаратының басшысы, оның орынбасарлары, өңірлік инспекция мен департаменттер, облыстық басқармалар басшылары тазалық жұмысына да жауапты болып бекітілді.