РЕСПУБЛИКАЛЫҚ САЙЫСТАН ОЗЫҚ ШЫҚТЫ

Балалар денсаулығын нығайту және жас ұрпақ бойында спортпен тұрақты шұғылдануды қалыптастыруды мақсат еткен ойынның іріктеуі аясында облыста наурыз-сәуір аралығында 9 команда бақтарын сынаған болатын. Аталған шараның облыстық финалында Ж.Қизатов атындағы №23 мектеп-лицейдің «Қайсар» командасы республикалық кезеңге жолдама алған еді.
Республикалық сайысқа осалдар келмейтіні белгілі. Қызылорданың «Қайсары» осы мықтылар ішінен іріктеліп, чемпион атанды.
Облыстық білім басқармасы, мектеп ұжымы мен ата-аналар чемпиондарды теміржол вокзалынан күтіп алып, облыс даңқын асқақтатқаншәкірттерге құрмет көрсетті. Облыс құрамасының озық шығуына аймақтық дене тәрбиесі орталығының бөлім басшысы Бағлан Танманбет, №23 мектеп-лицейінің денешынықтыру пәні мұғалімдері Ердеш Алматов, Гүлмира Меңдібаевалар үлкен еңбек сіңірді.

