ҚОРҚЫТТАН ҚАЛҒАН ҚОҢЫР ҮН
Қармақшы ауданы әкімдігінің қолдауымен, аудандық жыраулар үйінің ұйымдастыруымен қазақ халқының жыраулық, күйшілік дәстүрлерін халық арасында кеңінен насихаттау, ата-салт дәстүрін ұрпақ санасына сіңіру, сонымен бірге осы өнер түрлеріне балалардың ынтасын ояту және жас жеткіншектердің талаптарына дем беру мақсатында аудандық К.Рүстембеков атындағы жыраулар үйінде «Қорқыттан қалған қоңыр үн» атты облыстық балалар шығармашылығы байқауы өтті.
Биыл екінші рет өткізіліп отырған өнер бәйгесіне Қызылорда қаласы мен Арал, Қазалы, Жалағаш, Шиелі және ауданымыздан 30 жас термеші-күйші қатысты.
Есімі елімізге белгілі жыршы-қобызшылар Майра Сәрсенбаева, Айдос Рахметов, Шолпан Биімбетова, Айнуза Бегімсалова және аудандық мәслихат депутаты Мұхтар Ибраев сынды қазылар алқасы байқауға қатысушы талапкерлердің өнерлеріне өз бағаларын берді.
Байқауға қатысушылар «Дәстүрлі ән-жыр өнері» және «Дәстүрлі күй өнері» жанрлары бойынша өзара бақ сынасты.
Қармақшы халқының киелі өнер ордасына айналған жыраулар үйінде өткен байқауда қазақтың қара домбырасы арқылы Сыр сүлейлері мақамдарымен жыр жырлап, тамаша жыр мен күй мерекесін сыйлаған шара қорытындысымен күйшілер арасында кіші топта І орынды жалағаштық Аңсаған Ділдабекова жеңіп алса, ІІ және ІІІ орындарға қызылордалықтар Аякөз Махмутбек пен Әсет Сабырбай және қармақшылық Алина Жомартовалар көтерілді. Ал, ересектер тобында қызылордалық Балнұр Кеңесбай бас жүлде иегері атанса, І орынды қазалылық Дәулет Досқали, ІІ орынды аралдық Әйтеке Әбдімұратов, ал жүлделі ІІІ орынды жалағаштық Бекет Ерсұлтан мен қармақшылық Мадияр Жасаңбаевтар иемденді.
Сонымен қатар, дәстүрлі ән-жыр өнері бойынша бақ сынаған талапкерлер арасында қармақшылық Меруерт Ұзақбаева бас жүлдені жеңіп алса, І орынды Арал қаласынан келген Шадияр Октябрұлы, жүлделі ІІ орынды қармақшылық Шұғыла Мархабатова, ал ІІІ орынды аралдық Нұрбала Октяброва мен қармақшылық Динара Шоңбаевалар өзара бөлісті.
Байқау соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен бірге, өздерінің өнерлерімен көрермендер көзайымы атанған бір топ өнерпаз алғыс хаттарға ие болды.