ҮМІТКЕРЛЕР МЕН ТАҢДАУШЫЛАР КЕЗДЕСУІ БАСТАЛДЫ
Бүгін Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаттығына кандидаттар облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттар депутаттарымен кездесуді бастады.
Үміткерлер мен таңдаушылардың кездесуі Сырдария ауданынан бастау алды. Осыдан кейін Жалағаш, Қармақшы аудандарында жалғасқан жүздесулерде үміткерлер өз жоспарларымен өлісті. Үміткерлерге мәслихат депутаттары тарапынан қойылған сауалдарға да тыңғылықты жауап берілді.