ЖАСТАР МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Бүгін облыс әкімдігінің мәжіліс залында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалымен жастар саясаты жөніндегі Кеңес отырысы өтті.Отырыста жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі, оларды кәсіпкерлікке баулу, сондай-ақ маргинал жастар мәселесі талқыланды.
– Қызылорда облысында жастар саясатына үлкен көңіл бөлінуде. 2014 жылы барлық аудан, қала көлемінде жастарды қолдау орталығының қызметі ұйымдастырылып, жастар саясатын қаржыландыру 4 есеге артып отыр. «Жұмыспен қамтудың Жол картасы - 2020» бағдарламасының барлық мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана отырып, биылғы жылы жұмыссыздықдеңгейін 5 пайызға дейін төмендете алдық. Бұл көрсеткішті одан әрітөмендетуіміз керек, - деді облыс әкімі.
Бүгінгі күні қоғамда аландаушылық туғызып отырған маргинал жастар жағдайы да назардан тыс қалмады. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарушы Гүлмира Нұрбаева NEET санатына жататын жастармен жұмыс жасау жөнінде облыс көлемінде 23 әлеуметтік жоба жүзеге асырылып, түрлі шаралар, тренингтер ұйымдастырылып жатқанын айтты.
Маргинал жастардың базасын әр тоқсанда бір рет жасап отыру, жастарды кәсіпкерлікке тарту, мүмкіндігі шектеулі жастарды жұмысқа орналастыру, оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету, ауыл жастарының мәселелерін шешу жөнінде бірқатар ұсыныстар жасалды.