КӨРМЕСІ ӨЗГЕШЕ ӨЗБЕКСТАН
Халықаралық көрмеде Өзбекстан павильоны өзгелерден ерекше көзге түсті. Сан түрлі оюмен өрнектелген, тігісі жатық, тоқуы келіскен кілемдер мен дәмі тіл үйіретін тәттілерден тұратын павильоннан қонақ арылған жоқ.
Мұндағы жаңа технологиямен арнайы өсірілген көкөніс көп назарын өзіне аударды. Сондай-ақ күн сәулесі және электр қуатымен жүретін көліктерді тамашалағандар да көп болды.
– Біздің көрмеміздің бірінші қабатында Өзбекстанның болашағын танытатын нанотехнологиялар орналасты. Ал, екінші қабатты өз еліміздің бір бөлшегіндей етіп жасадық. Себебі, мұнда келген әрбір көрермен өзін Өзбекстанда жүргендей сезінуі тиіс, – деді көрме жетекшісі Азиза Момынова.