ПАВИЛЬОН ТАҚЫРЫБЫ – АДАМДАР

Көрме қонақтарын 40 америкалық студент қарсы алады. Олар қазақша мен орысшадан бөлек 17 тіл білетін полиглоттар. "Бұл павильон Америка Құрама Штаттарын таныстырумен қатар Қазақстанның серіктестік қарым-қатынасына арналған. Павильон екі елдің бірге жеткен жетістіктері және біздің елдер арасындағы белсенді қарым-қатынастың символы", - деді Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол.
"Біз павильонымызды Қазақстанға және бүкіл әлемге таныстыруға дайынбыз. Американың таусылмас энергиясының көзі - адамдар. Қонақтарымыз студенттермен және біздің павильонның интерактив дисплейімен танысады деп сенеміз", - деді павильонның президенті Джошуа Уолкер.