АСТАНАНЫҢ ӨЗ АРБАТЫ БАР

Бас қаланың әкімі Әсет Исекешевтің бастамасымен жүзеге асқан Арбаттың ашылуына қатысқандар қатары көп болды. Қоғам және мәдениет қайраткерлері, БАҚ өкілдері, тұрғындар мен елорда қонақтары хан Кене мүсіні жанынан ұйымдастырылған Арбат жұмысына ризалық танытты.
Есіл өзені жағалауындағы Кенесары хан ескерткішінің қасында 14 жартылай киіз үй тұрғызылған. Оның ішінде қолөнершілер мен суретшілер, қолданбалы өнер шеберлері өз өнімдерін ұсынады. Ұйымдастырушылардың айтуынша елордалық Арбаттың басты нысаны хан ордасы болмақ.


